Қытай экономикасының қарқыны артып келеді

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Қытай экономикасы өсімінің қарқыны жоғарылады. Бұл жайында ҚХР мемлекеттік статистика басқармасы жариялаған мәліметтерде хабарланды, деп жазады ВВС.
None
None

2013 жылдың үшінші тоқсанында Қытайдың Ішкі жалпы өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті. Бұл биылғы екінші тоқсанда қытайлық экономика өсімі көрсеткішінен 0,3 пайызға жоғары.

2013 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қытайда ІЖӨ былтырғы жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7,7 пайызға артты.

Жарияланған статистикаға сүйенсек, Қытай Ішкі жалпы өнімі өсімінің белгілінген көрсеткіштеріне биылғы жылы қол жеткізіледі дегенді білдіреді.

Аталған елдің билігінің жоспарынша мемлекеттің экономикалық өсімінің орташа жылдық қарқыны 2013 жылы 7,5 пайызды құрамақ. 2012 жылы қытайлық ІЖӨ 7,8 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар