Қытай ешқашан экспансиялық саясат жүргізбейді - Си Цзиньпин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай компартиясы 19-шы съездінің ашылуында ҚКП ОК бас хатшысы Си Цзиньпин сөз сөйледі, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытай ешқашан экспансиялық саясат жүргізбейді -  Си Цзиньпин

«Қытай өз пайдасы үшін ешқашан басқа елдердің мүддесін пайдаланбайды және қандай жағдай болмасын өзінің заңды құқығы мен қызығушылықтарынан бас тартпайды», - деді Си Цзиньпин.

Сондай-ақ, ол Қытай дамудың шарықтау шегіне жеткенде де, ешқашан гегемонның орнына үміткерлік етпейді және ешқашан экспансиялық саясат жүргізбейді деді.