Қытай Франция мен АҚШ-тан кейінгі үшінші туристік елге айналды
АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Туризм жөніндегі бүкіләлемдік ұйым жыл сайын туристерді ең көп баурайтын елдердің тізімін жасап отырады.
Өткен жылдары Франция, Испания және Италия тізімнің алдында болған. Дегенмен ағымдағы жылы Қытай Испания мен Италияны артқа тастап Франция мен АҚШ-тан кейінгі үшінші туристік елге айналды. Алғашқы ондыққа Таиланд емес, Малайзияның іліккені де жаңалық болды.