Қытай ғалымдары әзірлеген робот-балық Антарктида суында сынақтан өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің инженерлік институты әзірлеген робот-балықты таяуда Антарктида суында сынақтан өткізді. Бұдан бұрын тірі балық қозғалысын салатын робот Жердің қарама-қарсы полюсінде сынақтан сәтті өткен болатын.

  Қытай ғалымдары әзірлеген робот-балық Антарктида суында сынақтан өтті

Құрылғы арқылы жиналған деректердің судың құрамы мен қасиетін зерделеу үшін құндылығы мол, деп хабарлады Синьхуа.

Белгілі болғандай, бұл балық-робот -40 градусқа дейінгі температурада жұмыс істей беруге қабілетті. Ол судың қасиеттері туралы деректерді жинау үшін сенсормен жарақталған. 2012 жылы робот Солтүстік Мұзды мұхитының суында 5-ші қытайлық арктикалық экспедиция барысында да сынақтан өткен еді.