Қытай ғарыш стансасының құрылысын бастайды
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚХР жеке ғарыш стансасының құрылысына арналған ұшқышсыз аппаратты ғарышқа ұшыруға дайындалуда.
ВВС Орыс қызметiнiң дерегіне қарағанда, ғарыш стансасы 2020 жылға қарай орбитада болуы тиіс.
Бейсенбiде іске қосылатын «Тяньгун» (аспан сарайы) аппараты екi жыл қызмет етедi. Осы уақыт ішінде онымен үш ғарыш кемесi түйісуі тиіс. Алғашқы түйісу қарашаның ортасына дейін өтеді.