Қытай Халық Республикасында Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы өлшенді
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Мин әулетінің тұсында (1368 - 1644 жж.) тұрғызылған Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 885,8 шақырымды құрайды.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, бұған Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік геодезия және картография басқармасы мен Мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік басқармасының соңғы жүргізген зерттеулері дәлел. Зерттеу мәліметтері бойынша, Ұлы Қытай қорғаны Қытайдың шығысындағы Ляонин провинциясындағы Хушань тауынан басталып, Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында, Цзяюйгуань заставасында аяқталады. Қорған 10 провинцияның 156 уезі және орталыққа бағынатын - Ляонин, Хэбэй, Тяньцзинь, Бейжің, Шаньси, Ішкі Моңғолия, Шэньси, Нинся, Ганьсу және Цинхай қалалары арқылы өтеді. Ұлы Қытай қорғаны 1987 жылы бірегей сәулет құрылысы ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының тізіміне енгізілген болатын.