Қытай Халық Республикасының 60 жылдығы: ұшқыш-әйелдер алғаш рет мерекелік алаң аспанына көтеріледі
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат /Мәдина Мейірім/ - Қытай Халық Республикасының құрылуының 60 жылдығына орай ағымдағы жылы қазанның 1-і күні болатын мерекелік іс-шарада аспанасты елінің орталық алаңының үстімен алғаш рет ел тарихында ұшқыш-әйелдер ұшады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі China Daily басылымына сілтеме жасап. Қытай Халық-азаттық армиясы Әскери-әуе күштерінің ұшу мектептері мен Авиациялық университетін үздік аяқтағандары үшін 22-24 жастағы 16 бойжеткен ұлттық мерекеге арналған парадқа атсалысу құрметіне ие болып отыр. Олардың әрқайсысы 28 ай бойы базалық дайындықтан өтіп, 16 ай ұшу жаттығуларын жасады. Қытайдың ұшқыштар дайындайтын оқу орындарын 328 әйел тәмамдады, тағы 217 бойжеткен оқып жатыр.