Қытай хайуанаттар бағында жолбарыс ер адамды талап тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Нинбо хайуанаттар бағында келушілердің бірі жолбарыстың шабуылынан кейін көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Global Times-қа сілтеме жасап.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, ер адам арнайы қоршау мен суға толы шұңқырдан өтіп, жолбарыстар орналасқан тордың ішіне кірген. Бұл уақытта хайуанаттар бағының қызметкерлері жануарларды тамақтандырып жатқан, деп жазады «Ресей газеті».
Жыртқыш аңды ер адамның жанынан фейерверктің көмегімен қуып жіберу әрекетінен түк шықпаған соң, жолбарыс атып өлтірілді.