Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытай хирургтері науқастың қолына өскен құлақты басына ауыстырып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытай хирургтері науқастың қолына өскен құлағын басына ауыстыру отасын жасады, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. 

Қытай хирургтері науқастың қолына өскен құлақты басына ауыстырып салды

Ота бейсенбіде Сиань қаласында (Шэньси провинциясы) жасалып, жеті сағатқа созылды.

Цзи бір жыл бұрын жол апаты салдарынан құлағын жоғалтып алған. 2016 жылғы қарашада хирургтер оның қолына жаңа құлақ өсіруді аяқтады. Жаңа құлақты өсіру үшін ер адамның қабырғасынан шеміршек алынды. Шеміршекті оның қол терісінің астында тірілтіп, 3D-принтерінде басып шығарылған арнайы имплант көмегімен оған құлақ жасалды.