Қытай императорының мүсіні құлап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Биньчжоу қаласында Цинь әулетінің негізін қалаған императордың мүсіні құлап қалды, деп хабарлайды ВВС.
Император Цинь Ши Хуандидің биіктігі 19 метр, салмағы алты тонна болатын мүсіні қатты соққан желдің екпінімен етпетінен құлаған.
Мүсінді кранның көмегімен жылдам көтеріп, алып кетті. Мобильдік телефондар арқылы тараған суреттерден мүсіннің іші қуыс, металл каркасқа құрылғаны көрінеді.
Айта кетсек, император Ши Хуанди біздің заманымызға дейінгі 221-206 жылдар аралығында Қытайдын негізгі провинцияларының барлығын жаулап алып, елді қоластына біріктірген.
Ши Хуандидің тұсында Ұлы Қытай қорғанының құрылысы басталған. Император дүние салғаннан кейін оныңмен бірге 8100 қытай сарбазының терракота мүсіндері - «терракота әскері» жерленген.