Қытай инновациясы әлемдік ғажайыпты қалыптастыруда

Қытай премьер-министрі Ли Кэцян басшылығымен өткен жылы үкімет жұмысы туралы баяндама жасаған кезде ерекше талап - құжатқа «жаппай кәсіпкерлік және инновация» тұжырымын енгізуді ұсынды, деп хабарлады «Жэньминь жибао» тілшісі Сунь Тяньжэнь.
Көптеген деректер әлемдік қоғамдастықтың назарын аударып,
Қытайда инновация мен кәсіпкерлік белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Лондонның UHY консалтинг фирмасының соңғы баяндамасының деректеріне сәйкес 2010 жылдан бастап Қытайда құрылған стартаптар саны жылына 100 пайызға артқан және 2014 жылы инновациялық кәсіпорындардың жалпы саны 1,61 млн құрады. Бұл инновациялық компанияларды құру бойынша екінші орындағы Ұлыбритания серпініне қарағанда, екі есе жылдам, сонымен бірге АҚШ-қа қарағанда да едәуір жылдам.
Фотода: Тяньцзинь қаласы Юйцзяпу іскерлік ауданында орналасқан Beginning Space инновациялық инкубаторлық платформа. Аппаратурадан басқа, Тяньцзинь қаласы Юйцзяпу іскерлік ауданында орналасқан Beginning Space инновациялық инкубатор платформасы көп жағдайда резидент компанияларға краудфаундинг бойынша платформа және қаржыландыру тұрғысынан инновациялық кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыру және олардың қызметін жарнамалау үшін білім беру платформасы сияқты қызметтер ұсынады. «Жэньминь жибао» тілшісі Лю Хуэйдің фотосы.
Қазіргі уақытта қытай үкіметі бір жағынан, әкімшілік рәсімдерді қысқартып, өкілеттікті төмен буындарға бере отырып, нарық субъектілері үшін шектеуді алса, екінші жағынан «Интернет+» және басқа да стратегия көмегімен қолайлы макроорта қалыптастыруда. Инкубациялық кәсіпкерлік белсенділік олардың артынша ашықтық дәуіріне кіреді. Осылайша нарықтық ерекшелік сериясы бар және жаппай стартап кеңістікті дамыта отырып, ерте кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын «жаңа үлгі инкубаторы» пайда болады.
Бейжіңдегі Чжунгуаньцунь «инновация көшесінде» инновациялық компаниялар мен инкубаторлардың соңғы уақытта жұмыстары қыза түсуде. Тяньцзинь қаласы Юйцзяпу іскерлік ауданында орналасқан «Шуанчуан» биік ғимараты жастар үміт артатын орын болып табылады. Қытайда жас кәсіпкерлерді тартатын осындай аймақтар көп. Олар толықтай үкіметтің қолдауын алған (қолдау саясидан қаржыға дейін барлық аспектілерді қамтиды) және стартаптар үшін бірыңғай қызмет орталығын пайдалана отырып, өз кәсіпорындарын жедел іске қосады. Осы жаңалықтың арқасында, ғылыми технология саласындағы стартапты небәрі бірнеше күнде тіркеуге болады.
Dajiang Innovation Science and Technology Co., Ltd. (DJI) компаниясының ұшқышсыз аппараттары.
GEM (Global Entrepreneurship Monitor) халықаралық ғылыми-зерттеу ұйымының зерттеу нәтижелері кәмелеттік жасқа толған қытайлықтар арасында 13%-24%-ы таяуда кәсіпкерлікпен айналыспақ немесе 42 айдан аспайтын уақытта өз бизнестерін ашқан жас кәсіпкерлер болып табылады.
Әлемдік жылнамаға кірген кәсіпкерлікке қатысты көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, әлемдегі ірі ұшқышсыз аппарат өндіруші - Dajiang Innovation Science and Technology Co., Ltd. (DJI) компаниясын айта кетуге болады. Бұл компанияны 6 жыл бұрын Сянган ғылым және технологиялар университетінде оқитын құрлықтық Қытайдың үш аспиранты құрған. Компания Шэньчжэнь (Гуандун провинциясы) қаласында шағын пәтер жалдап, 5-6 қызметкер ұстаған. Ал өткен жылғы тамызда DJI қызметкерлерінің саны 4 мың адамға жетті.
ҚХР премьері Ли Кэцян «жаппай кәсіпкерлік пен инновацияны жылжыту елді жұмыспен қамтып қана қоймай, табыс көзі де болатынын атап өтті. Бұдан басқа, бұл сатылас әлеуметтік мобильділік пен әлеуметтік әділдікке ықпал ететін болады». Тұтастай, талдаушылар инновация мен кәсіпкерлік - бұл адамның жеке арманын жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндік деп санайды. Бұдан басқа, кәсіпкерлік пен инновация тұрақты түрде Қытай экономикасын өзгерту және жаңғырту үшін маңызды қозғаушы күш болып табылатын экономикалық өсімнің жаңа орындарын қалыптастырады.