Қытай iPhone-ні ел үшін аса қауіпті деп таныды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР мемлекеттік БАҚ iPhone бірқатар функцияларын атады, атап айтқанда елге қауіп әкеледі деп таныды. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

Қытай iPhone-ні ел үшін аса қауіпті деп таныды

Бағдарламалардың бірін тарату барысында телеарна пайдаланушының орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін iPhone функциясын сынға алды. Бұл iPhone-де жиналатын ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдардың мемлекеттік құпияны біліп қоюына мүмкіндік береді. Арна егер ақпарат таралып кеткен жағдайда, барлық жауапкершілік Apple-ге жүктелетінін мәлімдеді.

Apple қытайлық БАҚ мәлімдемесіне түсініктеме беруден бас тартты.