Қытай ирандық ядролық мәселе бойынша диалогтың ілгерілеуін қолдайды - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. 14 қаңтар ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай «алтылық», Еуропалық одақ және Иран өкілдері арасында ирандық ядролық мәселе жөнінде алда өтетін диалогта ілгерілеушілік байқалады деп үміттенеді.
Бұл туралы Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихаты барысында ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хун Лэй мәлім етті.
Хун Лэйдің айтуынша, өткен сәрсенбі күні ҚХР Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Чжан Чжицзюнь Иранның ұлттық қауіпсіздігі жоғарғы кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багиримен кездесті. Тараптар ортақ мүддеге ие қытай-иран қарым-қатынасы мен ортақ мәселелерді талқыға салды.
«Қытай тарапы алдағы диалог мүдделі тараптарға өзара тиімді шемім қабылдауға көмектеседі деп сенеді», - деді Хун Лэй.