Қытай ірі зымыран-тасығыш ұшырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда алғаш рет замануи «Ұлы жорық-5» («Чанчжэн-5») ірі зымыран-тасығыш ұшырылды, деп хабарлайды Лента.ру.
Мәлм болғандай, зымыран 2016 жылдың қыркүйек айында Хайнань провинциясындағы Вэнчан айлағына жеткізілген. Оны құрастыруға 200-ден астам жаңа технология қолданылған. Ұлттық қорғанысқа арналған ҚХР ғылым, технологиялар және өнеркәсіп Мемлекеттік әкімшілігі (SASTIND) зымыран-тасығыштың экологиялық таза отынмен жүретінін және жоғары тұрақты басқару жүйесіне ие екенін хабарлады. Қытай аэроғарыш ғылымы және техникасы корпорациясының (CASC) қызметкері Чжао Чанцзяннің айтуынша, отын ретінде сұйық сутегі және сұйық оттегі қолданылған. «Егер ұшыру сәтті жүзеге асса, Қытай экологиялық таза зымырандар дәуіріне енеді», - деді ол.
«Ұлы жорық-5» жаңа замандағы Қытайдың ең күшті зымыран-тасығышы болып саналады. 2020 жылы ғалымдар зымыран көмегімен Жер және Марстың өтпелі орбитасына зонд шығаруды көздеп отыр.