Қытай Испанияның қарызын 6 миллиард еуроға сатып алады
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Еуро аймақ ұзақ күткен қолдауды Қытайдан алады. Бейсенбі күні ҚХР вице-премьері Ли Кэцян оның елі Испанияның жалпы 6 миллиард еуро сомасындағы қарызын сатып алуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Вести. Ру.
"Қытай - ұзақ мерзімді жетістікте Еуропамен ынтымақтасуға дайын жауапты инвестор. Біз Испания қаржылық нарығының тұрақтылығына сенеміз және оның қарыздарын сатып алуды жалғастырамыз ", - деді ол.