Қытай қалаларында ауа 90 пайызға ластанған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі өткен жылы елдің 74 ірі қалаларының тек сегізінде ғана ауа сапасы экологиялық нормаға сәйкес келетінін хабарлаған.
Бейжіңге жақын провинцияда жағдай тіптен нашар екені анықталды.
Би-би-си тілшілерінің айтуынша, өткен жылы Қытайда «Ауаның ластануымен күрес» жарияланған. екен
Әзірге жеңіске жете қойған жоқ, алайда алға жылжу бар. 2014 жылы бар-жоғы 3 қала ғана экологиялық нормаларды орындаған.