Қытай қалаларында жапондарға қарсы бүліктер толқыны өтті
БЕЙЖІҢ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі, 19 тамыз күні Қытайдың сегіз қаласында қытайлық-жапондық қарым-қатынастар шиеленісіп, Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аумақтар үшін жапониялықтарға қарсы шерулер өтті.
Шэньчжэньде шамамен жиырма мың адам қатысқан жаппай наразылық акциясы өтті. Шерушілер жапондық мейрамханаларды бүлдіріп, жапондық көліктерді аудар тастады. Қытайдың басқа қалаларындағы шерулер бұған қарағанда бейбіт түрде өтті. Бейжіңдегі жапон елшілігі мен консулдығының күзеті күшейтілді.
Қытайлық БАҚ-тың хабарламасы бойынша, Гуанджоу қаласында 500-ге жуық шеруші Жапонияның Бас консулдығы ғимаратының қасында жиналып, мұнда жапон туын өртеп жіберді, жапон үкіметінен кешірім сұрауды талап етті.
Қытайдағы наразылық шараларының себебі жексенбі, 19 тамыз күні таңертең он жапондық белсендінің Дяоюйдао (жапондық атауы - Сенкаку) даулы архипелагына кеіп түсуі болды. Парламентаршілерді қосқанда Дяоюйдао аралдарының қасындағы акваторияға 150 жапондық азамат жиналды.
ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Цинь Ганн Жапонияның құқықтық белсенділерінің заңсыз әрекеттері Қытайдың аумақтық егемендігін бұзғанын атап өтті. «Жапондық тарап жалпы алғанда қытайлық-жапондық қарым-қатынастарға зияе келтірмеуі үшін тиісінше реттеуі тиіс», - деп мәлімдеді қытайлық дипломат.
Жексенбіде жапондық Елші Қытайдың билік көздерін оның отандастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.