Қытай кәуапханасында болған өрттен 13 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Муданьцзян қаласындағы кәуапханалардың бірінде өрт болып, 13 адамды күйік шалды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Жергілікті әкімшіліктің хабарлауынша, оқыс оқиға сенбі күні Бейжің уақытымен 19:10-де Айминь ауданында болған.
Алдын ала мәліметтеріне қарағанда, өрт 30 шаршы метр ауданды шарпыған, от сұйытылған газ баллонынан шыққан.