Қытай-Қазақстан шекарасының аумағында күші 4 баллдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін, 26 қаңтарда Қытай жерінде  күші 4 баллдық жер сілкінісі болды.

Қытай-Қазақстан шекарасының аумағында күші 4 баллдық жер сілкінісі болды

Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығынан хабарлады.  

Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулері бүгін, Астана уақытымен 09 сағат 11 минутта Қазақстан шекарасына жақын маңда тіркелді.

Зілзала кіндігі солтүстік ендіктің 43,74 градусында, шығыс бойлықтың 82,56 градусында анықталды. Тереңдігі - 7 шақырым.

Ал Еуропалық сейсмологиялық орталықтың мәліметтері бойынша, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,1-ге тең болды. Жер сілкінісінің кіндігі Алматы облысының Жаркент қаласынан 212 шақырым жерде орналасты.