Қытай кедені арқылы тауарлар жылдам өткізілетін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда кеден арқылы өтетін тауарлардың өткізу уақытын қысқарту жоспарлануда, деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай кедені арқылы тауарлар жылдам өткізілетін болады

ҚХР кедендік басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, қытайлық кеден тауарлардың кеденнен өтуін күту уақытын 30% азайту арқылы қызмет көрсету деңгейін көтеруге ниетті. Қытай кеденінің басшысы Юй Гуанчжоудың мәлімдеуінше, ҚХР кедендік басқармасы тиісті құрылымдармен бірлесіп, кедендік тазарту уақытын қысқартуға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірледі. 2017 жылға жоспарланған нақты шаралар арасынан ол кедендегі автоматтандыруды арттыру және адами ресурсты оңтайландыру жоспарын атап өтті. 2015 жылдың шілде айынан бүгінге дейін кеденнен тауар өткізу уақыты экспортта 2,7 сағаттан 1,84 сағатқа, ал импортта 29,3 сағаттан 25,4 сағатқа дейін қысқарған.