08:16, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Қытай киім-кешектері денсаулыққа қауіпті
БЕЙЖІҢ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Қытай өнімдерінің сапасы әлі күнге дейін жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызып келеді.
Бұл жолы елдің экономикалық ең дамыған өңірінің бірі саналатын Гуандун провинциясында жанжал орын алып отыр. Провинция өкіметі жүргізген зерттеулердің қорытындысы бойынша, Гуандунда тігілетін балалар киімдерінің тең жартысы денсаулыққа зиян болып шыққан. Технологиялардың сақталмауы салдарынан жергілікті фабрикалардың өнімдерінен формальдегидтің шектен тыс мөлшері табылып отыр, формальдегид - тыныс жүйесіне, көзге, теріге, сондай-ақ орталық нерв жүйесіне теріс әсер ететін канцерогендік зат. ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Гуандунда сондай-ақ, жиһаздың да сапасы мәз емес. Тексерілген жиһаздық өнімдердің үштен бірінде тек формальдегид қана емес, мырыш, кадмий және хром сияқты ауыр металдар да анықталған. Провинция әкімшілігінің пікірінше, мұның барлығына сапасы төмен шикізаттың пайдалануы себеп. Қытайда азық-түлік секторында да проблемалар жоқ емес. Өткен жылдың қыркүйек айында «Саньлу» компаниясының құрғақ сүт өнімдерін тұтынудың салдарынан балалардың арасында ішкі құрылыс аурулары кең тарағаны анықталған болатын. Сол жолы 6 нәресте шетінеп, 300 мыңдай бала ауруға шалдыққан еді. Осы оқиғаның нәтижесінде «Саньлу» кәсіпорны мен тағы 21 компанияның өз өнімдеріндегі протеиннің құрамын арттыру үшін меламин деген қауіпті затты пайдаланғаны анықталған болатын.