Қытай кинонарығы 2025 жылға қарай әлемдік көшбасшы болады
ҚЫТАЙ. ҚазАқпарат – COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен Қытай кионарығы 2023 жылы қарқын алып, 2025 жылға қарай әлемдік көшбасшы болады, делінген PwC халықаралық аудиторлық-консалтинг фирмасы жариялаған есепте. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
2027 жылы елдегі кинотеатрлардағы кассалық алым 13,2 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін.
Бұл - әлемдік нарықтың 27 процентін құрайды, делінген Global Entertainment and Media Outlook 2023-2027 атты есепте.
Есепте 2027 жылға қарай Қытайдың ойын-сауық индустриясы мен БАҚ-тың жалпы кірісі шамамен 479,9 миллиард АҚШ долларына жететіні есептелген.
Алдағы бес жылдағы жиынтық жылдық өсім қарқыны 6,1 процентті құрайды, бұл жаһандық көрсеткіштен 3,5 проценттен жоғары.
PwC мәліметтері бойынша, 2027 жылға қарай қытайлық интернет-жарнама нарығының көлемі 146,4 миллиард АҚШ долларына жетеді, ал жылдық жиынтық өсім қарқыны 9% құрайды.
Қытай қазірдің өзінде әлемдегі ең ірі видеоойындар мен электронды спорт нарығына айналды, деп атап өтті PwC, бұл саланың кірісі 2027 жылы 115,5 миллиард АҚШ долларына жетеді.