Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытай климат бойынша Париж келісімін ратификациялады, оған АҚШ қосылады деп күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай парник газының шығарындыларын шектейтін климат бойынша Париж келісімін ратификациялады.

Қытай климат бойынша Париж келісімін ратификациялады, оған АҚШ қосылады деп күтілуде

Би-Би-Си агенттігі қазір Қытай экономикасы жаһандық жылынуға алып келетін көмірқышқылды газды атмосфераға шығару бойынша көшбасшы болып отырғандығын атап өтеді.

Шетелдік құжатты ратификациялау туралы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналыс  комитеті хабарлады, деп хабарлады ТАСС.

Бұл қытайлық Ханчжоу қаласында  «үлкен жиырмалық» саммиті басталғанға дейін тәулік бұрын орын алды. АҚШ президенті Барак Обама қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен кездескеннен кейін Вашингтон да келісімге формальды қосылуға ниетті екенін жариялайды. Бұл Климат бойынша Париж келісімінің күшіне жаппай енуіне жол ашады.

Климат бойынша келісім 2015 жылғы 12 желтоқсанда қабылданды. Форумның 195 қатысушысы 2100 жылы ғаламшардағы орташа температураны 2 градустан асыруға жол бермеуге шарттасты.