Қытай коллекционері Цин әулетінен бастап 2000-нан астам неке куәлігін жинаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хэнань (Орталық Қытай) провинциясының Кайфэн қаласының тумасы 67 жастағы Чжан Хунцзюнь 30 жылдан бері қытайлық неке куәліктерін жинаумен айналысады.
Бүгінде ол түрлі кезеңдерде тіркеу органдары берген екі мыңнан астам құжат жинаған. Оның ішінде Цин әулетінің императорлық кезеңінен (1644-1911 жж.) қазіргі уақытқа дейінгі құжаттар бар, деп хабарлайды Синьхуа.
«Жұртшылық неке куәлігін жай ғана жұқа қағаз, оны жинаудың қажеті шамалы деп санайды. Шындығында бұл құжаттар әр дәуірдің мәдени-тарихи бейнесін паш етеді. Сондай-ақ Қытайдағы неке институттарындағы өзгерістердің өзіндік ерекшеліктерін қамтиды, - дейді Чжан Хунцзюнь.
Ол өз коллекциясында циндік Цяньлун императоры /1736-1795 жж./ басқарған кездегі ресми берілген неке құжатын ең ежелгі куәлік санайды.