Қытай көмір кеніштерін жаппай жауып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР көмір шахталарын жаппай жауып жатыр, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
None
None

Тек Шаньси провинциясында ғана алғашқы 10 айдың ішінде  қуаттылығы 23,3 миллион тоннаны құрайтын 25 көмір кеніші жұмысын тоқтатты. Ал жалпы Қытай бойынша 2016 жылы көмір өндіруді 250 миллион тоннаға қысқарту жоспарланған. Бұлардың бәрі Қытайдың энергетикалық дамуы бас жоспарына енген. Ол бойынша біртіндеп  қазба байлықтың орнына жаңартылатын энергия көздеріне көшу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар