13:21, 09 Қараша 2013 | GMT +5
Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің пленумы өтіп жатыр
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат Бүгін ҚХР Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің үш күндік пленумы өз жұмысын бастады.

Алқалы жиында бірқатар теңдесі жоқ экономикалық реформалар қабылданады деп күтілуде.
Өткен жылы сайланған ел үкіметі Қытайдың таяу 10 жыл ішіндегі даму жолын айқындайды. Пленумның басты мәселелері экономиканы экспорттан ішкі нарыққа қайта бағдарлау, сондай-ақ қаржы және жер реформалары болмақ, деп хабарлайды BBC Орыс ақпарат қызметі.