05:11, 09 Мамыр 2012 | GMT +5
Қытай компаниясы Қырғызстанда мұнай іздеумен айналысады
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылы қытай компаниясы Қырғызстанда мұнай іздеу үшін 4-7 бұрғылау жұмыстарын жүргізетін болады.

Бұл туралы бүгін өткізілген баспасөз мәслихатында қытайдың «Чжуннен» мұнай барлау компаниясының директоры Ту Синван мәлім етті. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Ту Синванның айтуынша, компания қазірдің өзінде 800 шаршы километрден астам сейсмикалық барлау жүргізіп, Қырғызстанның 65 азаматын жұмысқа орналастырған.
«2012 жылы біз штатты бұдан да кеңейтіп, жергілікті тұрғындардан кем дегенде 600 адамды жұмысқа алуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.
Ол қазірдің өзінде екі мұнара бұрғыланғанын айтады.