Қытай компартиясы алдағы бесжылдықтың жоспарын талқылауда

БЕЙЖІҢ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Бейжіңде Қытай Компартиясы Орталық комитетінің кезекті пленумы ашылды.

Қытай компартиясы   алдағы бесжылдықтың жоспарын талқылауда

Төрт күнге созылатын мәжілістің барысында елді дамытудың келесі бесжылдық жоспары талқыланады.

Бақылаушылардың айтуынша, пленумның күнтәртібіндегі басты мәселе - 2011-2015 жылдарға арналған Қытайдың XII бесжылдық жоспарына ұсынылған кеңестерді талқылау болмақ. Бесжылдықтың нақты жоспары Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының келесі жылдың наурыз айында өтетін сессиясында бекітіледі.