Қытай Компартиясының өкілдері Қазақстанға өз идеяларын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Коммунистік партиясының өкілдері «Нұр Отан» партиясының шақыруымен Қазақстанға келіп, 6 пленумының қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай Компартиясының өкілдері Қазақстанға өз идеяларын таныстырды

 Журналистермен әңгімелескен Бүкілқытай халық өкілдері құрылтайы Тұрақты комитеті бас хатшысының орынбасары Шэнь Хуньяо Коммунистік партияның жұмысы туралы айтып берді.

«Қытайдың Компартиясы шет елдердегі партиялық  әріптестерімен ынтымақтастық орнатқан. Бұл жолы «Нұр Отан» партиясының шақыруымен Қазақстанға келдік. Мақсатымыз - «нұротандық» әріптестерімізге Қытай Компартиясы 6 пленуымының қорытындысын, өзіміздің жаңа идеяларымызды жеткізу»,    - деді Шэнь Хуньяо.

Ш.Хуньяоның айтуынша, Қытай Компартиясының жұмысында шет елдерді аралау «салты» бұрыннан бар.

«Әрбір пленумыздан кейін партия достар елдерге делегация жіберіп, жұмысымызбен таныстырып қайтады. Партия саясатын ашық айту арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, достықты күшейте аламыз»,-дейді ол.

Қытай делегациясының сапары аясында  олар Қазақстанның саяси партия өкілдерімен, БАҚ өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған.

«Қазақстанмен арадағы мүдделі тақырыптар бойынша өзара пікір алмасу біз үшін үнемі үлкен мәртебе болған. Қазақстаннан кейін, Тәжікстан еліне барып, осындай біраз шара өткізбекпіз»,-деп хабарлады Шэнь Хуньяо.