11:04, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Қытай Компартиясының жаңа басшылығы сайланды
БЕЙЖІҢ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Халық жиналыстары үйінде Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитеті жаңа құрамының журналистермен кездесуі болып өтті.
Онда партияның элиталы буынының құрамы және саны мәселесі жайлы айтылды.
ҚКП ОК Саяси бюросының Тұрақты комитетінің құрамына 7 мүше кніңірді: Си Цзиньпин, Ли Кэцян, Чжан Дэцзян, Юй Чжэншэн, Лю Юньшань, Ван Цишань, Чжан Гаоли.
Бұл партия басшылығының БАҚ өкілдерімен төртінші кездесуі. Біріншісі 1997 жылы, одан кейін 2002 және 2007 жылдары болды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қараша күні Қытай Компартиясының 18-ші съезі аяқталды. ҚКП Орталық комитетінің және тәртіпті тексеру бойынша Орталық комиссияның жаңа құрамдары 2300-ге жуық делегатты таңдады. Қорытындысында ҚКП ОК мүшелігіне 376 мүше және кандидат және Тәртіпті тексеру бойынша ОК-не 130 мүше сайланды.