Қытай коронавирусқа қарсы күресте қиын жағдайда тұр
Қытайлық шенеуніктің айтуынша, коронавирустың таралу жылдамдығы артып жатыр.
«Ухандағы ауру вирустың бүкіл ел аумағына (Тибетті қоспағанда) таралу тенденциясын көрсетті. 30 провинцияда жаңа коронавирусты жұқтырған адамдар анықталды», - деп атап өтті МаСяовэй.
Ол аурудың салыстырмалы түрде «маңызды әрі күрделі кезеңге өткенін» айтты. Оның болжауы бойынша, «аурудың таралуы бірнеше уақытқа созылады». Дегенмен, денсаулық сақтау саласындағы алдын алу және қадағалау шаралары нәтиже беріп, эпидемияның таралу қаупі төмендеген.
Еске сала кетсек, жаңа коронавирус түрі тудырған пневмонияның жылдам таралуына байланысты 30 провинцияда (автономды аудандар, орталыққа бағынатын қалалар) Төтенше жағдайға әрекет етудің бірінші дәрежесі енгізілді.
Соңғы мәліметтер бойынша, ауруды жұқтырғандар саны 1995 адамға жетіп, 56-і көз жұмды.