Қытай қорықтарындағы панда аюларының саны екі есеге көбейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі елдегі қорықтарда бүгінгі таңда 422 ірі панда аюлары тіршілік етіп жатқандығын мәлім етті. Бұл осыдан он жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Бұлай күрт көбеюге жануарларды өсірудің тиімді әдістерін қолданудың арқасында мүмкін болды. Сондай-ақ олардың өмір сүру жағдайлары да жақсарған. Атай кетсек, өткен жылы туған 43 қонжықтың 40-ы тірі қалған. Бір қызығы, олардың басым бөлігі - егіздер.
Мамандардың бағалауынша, Қытайда жабайы табиғат аясында 2 мыңға жуық панда аюлары тіршілік кешуде, деп хабарлайды Синьхуа.