10:24, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Қытай көшбасшысы ЕО-ға алғашқы ресми сапарымен бармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өзінің Еуроодақ елдеріне алғашқы ресми сапарын бастайды, деп хабарлады Би-Би-Си.
Қытай көшбасшысы Нидерланды, Франция, Германия және Бельгия елдерінде болып, Гаагада өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші саммит жұмысына қатысады.
Би-Би-Си тілшісінің хабарлауынша, Си Цзиньпин еуропалық әріптестерімен кездесуі барысында сауда-саттық мәселесіне баса назар аударатын болады. Өйткені, қазіргі таңда Қытай Еуропа одағы елдерінің басты сауда серіктесі болып отыр.