00:05, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Қытай күшті тайфунға дайындалуда
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Қытай бір аптада үшінші рет болайын деп жатқан күшті тайфунға әзірленуде, бұған дейінгі екі табиғи апат кем дегенде тоғыз адамның өмірін қиып кетті.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Қазіргі кезде құтқарушылар Бэньси қаласында туннельде қалып қойған 300-ге жуық жұмыскерді құтқаруға әрекеттенуде. Толассыз жаңбырлардың салдарынан Қытайдың шығыс және оңтүстігіндегі жеті провинцияда бір миллионнан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қытай елінде биыл 11-ші рет орын алатын «Хайкуй» тропикалық дауылы елдің жағалауына сейсенбі күні жетеді.