Қытай Қырғызстанмен арадағы шекараны уақытша жапты
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі қырғыз-қытай шекарасының уақытша жабылуы туралы хабарлады.
«Қытайлық тараптың бастамасымен Көктем күнін мерекелеуге байланысты мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай учаскесінде өткізу бекеттері келесі кестемен уақытша жабылады: «Иркештам-автодорожный» өткізу бекеті 2015 жылғы 13 ақпаннан 1 наурызға дейін уақытша жабылады», - делінген хабарламада.
Тұлғаларды, көліктік құралдар мен жүктерді аталған бекет бойынша өткізу 2015 жылдың 2 наурызынан басталады.
««Торугарт-автодорожный» өткізу бекеті 2015 жылғы 18 ақпаннан 24 ақпанға дейін уақытша жабылады. Тұлғаларды, көліктік құралдар мен жүктерді аталған бекет бойынша өткізу 2015 жылдың 25 ақпанынан басталады», - деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік шекара қызметінен.