Қытай Қырғызстанмен шекараны уақытша жабады
АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғыз-қытай шекара телімінде өткізу бекеттері уақытша жабылады. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің Бұқарамен байланыс және БАҚ жөніндегі бөлімі хабарлайды,
деп жазады «24.kg» АА.
Ведомствоның дерегіне қарағанда, шекараның уақытша жабылуы ҚХР-дағы Ай және өнім мерекесі салтанатымен байланысты болмақ.
«12 қыркүйекте мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай теліміндегі «Торугарт автожолы» және «Иркештам автожолы» өткізу бекеттері бірнеше күн жұмыс істемейді», - деп атап өтті Қырғызстан Шекара әскерлерінің баспасөз қызметі.