Қытай Қырғызстанның оңтүстігінде аурухана салады

БІШКЕК. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қытай үкіметі Ош қаласында 100 төсек-орынға арналған жаңа аурухана кешенін салуға 42 млн. юань грант бөлуге дайын.

Қытай Қырғызстанның оңтүстігінде аурухана салады

Ош және Жалалабад қалаларын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі мемлекеттік дирекцияның басшысы Жанторо Сатыбалдыев Қытайдың жобалау институтының өкілдерімен кездесті. Ол қытайлық тарапқа елдің оңтүстігіндегі қалпына келтіру жұмыстарына көрсеткен көмектері үшін алғыс айтты.

Ж.Сатыбалдыев хабарлағандай, тиісті құрылымдар таяу арада аурухана кешенінің құрылысының жобасын жасауға кіріседі.