Қытай лаңкестіктің кез келген түрін кінәлап, ресейлік тараптың лаңкестікке қарсы күрес шараларын қолдайды - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Мәскеудегі «Домодедово» әуежайындағы жарылыс салдарынан көптеген адамдардың қаза тауып,
зардап шегуіне байланысты қытайлық тарап лаңкестік шабуылдарды кінәлап отыр, делінген ҚХР СІМ мәлімдемесінде.
Сейсенбі күні ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао көптеген адамның өмірін алып кеткен лаңкестік әрекетке байланысты Ресей президенті Дмитрий Медведевке көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ху Цзиньтао мәлімдегендей, қытайлық тарап лаңкестіктің кез келген түрін кінәлап, ресейлік тараптың лаңкестікке қарсы күрес шараларын батыл қолдайды. ҚХР екі ел халқының өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін сақтау және бейбітшілікті қалыптастыру, аймақ пен бүткіл ғаламшарда тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін ШЫҰ «зұлымдықтың үш күшіне қарсы күрес» шеңберінде Ресеймен екіжақты байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін алға тартты.