Қытай Малайзияға екі панданы сыйға тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Малайзияға екі алып панданы сыйға тартты. Олар пандаларды жеткізуді наурыз айында МН370 рейсімен ұшып, із-түзсіз жоғалған Malaysia Airlines лайнерін іздеуде Малайзия билігімен болған келіспеушіліктерге байланысты тоқтатқан еді.

Қытай Малайзияға екі панданы сыйға тартты

Жоғалған ұшақтың бортында негізінен қытайлық жолаушылар болған және ресми Бейжің, Малайзия «Боингті» іздеуде барлық мүмкіндікті жұмсаған жоқ деп есептеді. Дегенмен, екі елдің де билігі өзара орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастың 40 жылдық мерейтойына арналған өз шараларын ұсынды. Солардың бірі Малайзияға екі панданың сыйға тартылуы болды.

Олардың аттары - Фува мен Фенхуан. Аударғанда «бақыт» және «Феникс» дегенді білдіреді.