Қытай мен Тайвань 60 жылда алғаш рет байланысқа шықты
МӘСКЕУ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Тайвань президенті Ма Инцзюға жеделхат жолдады. Бұл Қытай мен Тайвань көшбасшылары арасындағы азаматтық соғыс аяқталған 60 жылдан бергі алғаш рет байланысқа шығуы,
деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
ҚХР басшысының жеделхатында Ма Инцзюдің Тайваньдағы билеуші Ұлттық партияның басшысы болып сайлануына құттықтау лебіз білдірілген. Дегенмен, құттықтау мәтінінде оның президенттік лауазымы аталмаған.
ҚХР Тайваньды өзінің бүлікшіл провинциясы санайды. Алайда өткен жылы Ма Инцзю президент болып сайланғаннан бері Тайвань мен құрлықтық Қытай арасындағы қатынастар жақсара түсті.