Қытай миллиардер әйелдері әлемдік рейтингте көш бастап тұр

БЕЙЖІҢ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Әлемнің бай әйелдерінің жартысынан астамы - ҚХР кәсіпкер-әйелдері, деп жазылған Hurun Шанхай ғылыми-зерттеу институтының жарияланған есебінде

Қытай миллиардер әйелдері әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Hurun China Rich List ең танымал «қытай миллиардерлерінің тізімін» құрушы Руперт Хугеверфтің сөзіне қарағанда, миллиардер әйелдер санының күрт өсуі Қытайда бизнеске қолайлы жағдайлардың жасалуымен байланысты.

Қытайдағы бай кәсіпкер әйелдер - бұл тек қытай тарихы ғана емес, ол әлемдік тарихтың ажырамас бір бөлігі. Сесебі қытай әйелдерінің байлығын әлем мойындап отыр, деп санайды Р.Хугеверф.

Бірінші болып бұл тізімде 51 млрд. юань байлығы бар (8,33 $ млрд) 32 жастағы Ян Хуэйянь тұр. Ян - әкеден мұра боп қалған байлықты иемденген жалғыз әйел. Табысты қытайлық девелопер әкесі 2007 жылы қызына өз акцияларын тапсырған кезде ол бірінші рет Қытайдың бай адамдарының тізіміне енді.

Fu Wah International Group директоры Чэнь Лихуа 37 млрд. юаньмен екінші орында тұр.

Есепке сай, Қытайдың бай әйелдерінің 25 пайызы - өз дәулетін жылжымайтын мүлік құрылысы мен сатудан, 18 пайызы қаржы және инвестиция саласынан жинағандар. 9 пайыздан артық миллиардер нәзік жандылардың ісі денсаулық сақтаумен байланысты, ал басқа 9 пайызы өндіріспен айналысады.

«Қытай миллиардер әйелдерінің тізімі-2013» - те 17 іскер әйелдің жеке әл-ауқаты 10 млрд. юаньннан асады. Қытай әйелдерінің он бірі бұл тізімге алғаш еніп тұрғандар, олардың бесеуі асқан байлыққа өз күштерімен жеткен.

Қытайдың көш басындағы 50 бай әйелдерінің 34 миллиардері немесе 67 пайызы - өздерінің күшімен осындай дәулетке қол жеткізген іскер әйелдер.