Қытай миллиардерлер саны бойынша әлемде екінші орынға шықты
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қытайда 157 миллиардер бар болып шықты. Бұл көрсеткіш бойынша ол АҚШ-тың ізін басып келеді.
Айта кеткен жөн, аталмыш рейтингке ҚХР-дің арнайы әкімшілік ауданы - Гонконг кірмейді. Онда 75 миллиардер бар, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
Еске сала кетсек, биылғы жылы әлемдегі миллиардерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті - 2170 адам. Олардың қаржылық жағдайы 6,5 трлн. долларды құрады.