Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытай мобильді қосымшаларды бақылауды күшейтпек

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Қытайдың ғаламтор-ақпараты істері жөніндегі мемлекеттік кеңсесі (ҒАМК) мобильді қосымшаларға қойылатын бақылауды күшейтпек. Бұл туралы "Хуаньцю шибао" газеті хабарлады.

Қытай мобильді қосымшаларды бақылауды күшейтпек

Сейсенбі күні мақұлданған қаулыға сәйкес әзірлеушілер қосымшаларды қолданушыларды шын аты-жөнімен тіркеуге және бағдарламаларының көмегімен берілетін ақпараттың мониторингін жүргізуге міндетті. Қытайдың заңнамасын бұзатын тұлғалардың есептік жазбалары мәжбүрлі түрде жабылады.

Сондай-ақ әзірлеушілер пайдаланушылардың белсенділігі туралы ақпаратты кемі 60 күн сақтауы тиіс. Мобильді қосымшалар дүкендерінің иелерін өз платформаларында бағдарламалар сататын әзірлеушілерді қатаң тексеруге міндеттейді, дейді ТАСС.  

Жаңа ережелер биылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Қаулыда көрсетілгендей, аталмыш ережелер Қытайдың мобильді ғаламтор пайдаланушыларын терроризм, алаяқтық, порнография, жалған мәлімет таратудан және ақпараттың ұрлануынан қорғайды.

2015 жылдың соңында ҚХР-да ғаламтор пайдаланушылардың саны 688 миллионға жеткен. Оның ішінде 620 миллион қолданушы желіге смартфон арқылы кірген. ҒАМК мәліметінше Қытай дүкендерінде қазір 4 млн астам бағдарлама сатылады.