Қытай өкіметі: А (H1N1) тұмауынан тағы 2 адам көз жұмды

АСТАНА. Қазанның  31-і. ҚазАқпарат -  Қытайда А (H1N1)  тұмауынан тағы  екі адам көз жұмды.  Осылайша,   Қытайда  «доңыз тұмауынан»    қайтыс болғандардың саны  6 адамды  құрады, 
None
None

деп  хабарлайды  Associated Press агенттігі Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің  мәліметтеріне сілтеме  жасап.

Ведомствоның  мәліметтері  бойынша,  өткен  48 сағатта  тағы 2 мың 972 адамнан   тұмау анықталды.    Оған қоса,     Қытайда  тұмау   ошағы  тіркелгеннен  бері    А (H1N1)  тұмауымен  ауырудың   82 күрделі  оқиғасы     орын алды, 29 адам  сауығып  кетті. 

Ал   індет  басталғалы бері    тұмау вирусын 44 мың 981 адам  жұқтырған.   Дегенмен, бұл  статистикаға   өз денсаулық сақтау  жүйесі  бар Гонконгтағы  ахуал  туралы   мәліметтер  енгізілмеген.  

Қытай  өкіметі   халық арасында егу    шараларын  жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар