Қытай өндірістік сектордағы роботтар санын арттырады
Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Робототехника+ енгізу және іске асыру жоспары» деп аталатын құжат автоматтандырылған механизмдерді қолдануды кеңейтуге бағытталған.
«2025 жылға қарай жоғарыда аталған салада қызмет ететін арнайы роботтарды қолдану жан-жақты артады және елдің робототехника саласының жоғары сапалы әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ету қабілеті айтарлықтай нығаяды», - делінген құжатта.
Жоспар сонымен қатар роботтарды 10 негізгі салада қолдану және робототехника саласындағы 100-ден астам инновациялық қолданбалы технологияда жетістікке жетуді көздеп отыр.
Бұдан басқа, құжатта роботтарды өндіру мен пайдаланудың келісілген инновациялық жүйесін құруға күш салу, сондай-ақ оларды пайдалану стандарттарын әзірлеу мен ілгерілетуді жеделдету ұсынылды.
Өндіріс саласындағы 10 мың жұмысшы санымен өлшенетін роботтардың тығыздығы өндірістегі интеллект деңгейін анықтаудың негізгі көрсеткіші болып табылады.
Фото: www.russian.xinhuanet.com