Қытай Оңтүстік Африка Республикасымен ынтымақтастық векторын күшейтуде

БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің  18-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -   Қытай  мен  Оңтүстік Африка Республикасының      сыртқы  істер министрліктері     екінші стратегиялық   диалог өткізеді. Бұл туралы бейсенбі күні Бейжіңде  өткен баспасөз мәслихатында    Қытай сыртқы саясат ведомствосының  ресми  өкілі Цзян Юй ханым мәлім етті.

Қытай Оңтүстік Африка Республикасымен ынтымақтастық  векторын күшейтуде

Қытайдың  Оңтүстік Африка Республикасымен, Лесото, Гвинея-Бисау, Кабо-Верде және  Мавритания елдерімен  ынтымақтастығын  әрі  қарай   тереңдету мақсатында,  ҚХР Сыртқы  істер министрінің көмекшісі   Яжай  Цзюнь    ағымдағы  жылы  қыркүйектің 17-сі  мен  23-і аралығында   аталған  елдерге   жұмыс сапарын     жасайды.

Сапар барысында Чжай Цзюнь    екіжақты  ынтымақтастықты дамыту  мәселелері  бойынша аталған бес елдің   мемлекет басшыларымен  және сыртқы  істер министрлерімен      келіссөздер  өткізуді,  сондай-ақ    халықаралық және  аймақтық   проблемалар бойынша    пікірлер  алмасуды  жоспарлап отыр. Оған қоса,    Оңтүстік Африка  сапары  барысында,  Қытай Халық   Республикасы мен  Оңтүстік Африка Республикасының  сыртқы  істер министрліктері     екінші стратегиялық диалог өткізбек.