Қытай Оңтүстік Судандағы референдум қорытындысын құрметтейді - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Суданның солтүстік және оңтүстік жақтарының бірлескен күш-жігерлерінің арқасында Оңтүстік Судандағы референдум ойдағыдай өтті.
Жақында ғана Оңтүстік Судандағы референдумды өткізу жөніндегі Комиссия референдумның соңғы қорытындысын халыққа ресми түрде жария етті. Қытай Оңтүстік Судандағы референдум қорытындысын құрметтейді, деп мәлім етті бүгін Бейжің қаласында ҚХР СІМ өкілі Хун Лэй.
Қытай дипломатының айтуынша, Қытай Судан халқының мүддесі мен таңдауын құрметтейді және осы елдің оңтүстік және солтүстік жақтарының бейбіт ілгерлеушілікті алға бастыру үшін жасап жатқан үздіксіз күш-жігерін қолдайды. «Қытай кеңес беру мен диалог арқылы, Судандағы бейтібшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында өзара түсінісу мен өзара бір-біріне жол беру негізіндегі бейбітшілік туралы тегіс халықты қамти алатын келісімді жүзеге асыру жолы арқылы мәселелерді шешу бойынша тараптар одан әрі күш-жігерлерін салады дегенген үміттенеді», - деп атап өтті Хун Лэй.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Суданның тәуелсіздігі туралы мәселе бойынша өткен қаңтар айындағы референдум барысында Оңтүстік халқының 99 пайызына дерлік тұрғындары бөліну үшін дауыс берген. Референдум 20 жылдан астам уақытқа жалғасқан Суданның солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы азаматтық соғысқа нүкте қойған 2005 жылғы келісім аясында жүргізілді.