Қытай Орта Азиямен энергетикалық әріптестікті кеңейтпек

ЙЖІҢ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қарашаның 22-нен 25-іне дейін Түркіменстан президенті Қытайға аттанбақ. Екіжақты қарым-қатынастың арасында энергетикалық саланы дамытуға қатысты келісімге қол қойылмақ, деп хабарлады сәрсенбі күні Бейжіңдегі брифингте ҚХР-дің СІМ өкілі Лю Вэйминь.
None
None

«Түркіменстан - табиғи газды ірі өндіруші, ал Бейжің - энергоресурстарды импорттаушы Қытай екі тарап арасында жасалып отырған энергетикалық ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне мүдделі болып отыр», - деді қытай дипломаты.

Лю Вэйминьннің айтуынша, Бейжіңде болатын бұл сапар екі жаққа да пайдалы әріптестікті, мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайта түседі, деген үмітте.

Қытайдың ірі China National Petroleum Corporation (CNPC) мұнай компаниясы хабарлап отырғанындай, Бейжің 2015 жылға қарай Орта Азиядан әкелінетін табиғи газды бес есеге ұлғайтпақ. «Орта Азия-Қытай» газ құбырының қуаты жылына 55-60 млрд. текше метрге дейін жеткізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан аумақтары арқылы ҚХР-дың ШҰАӨ-індегі шекаралық Қорғас пунктінде аяқталатын «Орта Азия-Қытай» газ құбыры іске қосылған. Салынған газ құбырының қуаты 40 млрд. текше метрді құрайды.

Соңғы жаңалықтар