Қытай «Орталық Азия ? Қытай» газ құбырының өз аумағындағы бөлігінің құрылысына кірісуде

БЕЙЖІҢ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Іле-Қазақ автономиялық облысының өкіметі қазақстан-қытай шекарасындағы «Қорғас» тексеру-өткізу бекетінің тұсынан Қытайдың ішіне қарай тартылатын «Орталық Азия-Қытай» газ құбырының құрылысын бастайтын мамандандырылған компания құрылғанын жария етті.


Қытай    «Орталық  Азия ? Қытай»  газ құбырының    өз  аумағындағы  бөлігінің   құрылысына кірісуде
ҚазАқпараттың хабарлауынша, жаңадан құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке газ құбырын жобалау, оны тарту және пайдалануға беру жөніндегі міндет жүктеліп отыр. Компанияның жарғылық капиталы 50 миллион АҚШ долларын құрайды. Ұзындығы 1 830 шақырымды және жылдық өткізу қуаты 30 миллиард текшеметр газды құрайтын «Орталық Азия ? Қытай» газ құбыры келешекте Қытайдың «Батыс-Шығыс» ішкі газ құбырының екінші тармағынан қосылатын болады. Сонда құбырдың ұзындығы 10 шақырымнан асады, ал ішкі және сыртқы жобаларды жүзеге асыруға жалпы есеппен 30 миллиард АҚШ доллары жұмсалады. Ол үшін ағымдағы жылдың соңына дейін орталықазиялық газ құбырының бірінші тармағын, ал 2010 жылы - екінші тармағын пайдалануға беру жоспарлануда.