Қытай Өскемендегі зертханаға 751,1 млн теңгенің жабдығын бермек
«2022 жылы 14 қыркүйекте Астана қаласында жасалған ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Шығыс Қазақстан облысы үшін зертханалық жабдық беру туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Үкіметінің сұранымына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысындағы сапа инспекциясы зертханасының жағдайын жақсарту үшін Қытай Халық Республикасы сапа инспекциясы зертханасына 11,15 млн юань сомасында жабдықтар беруге келісім береді. Қытай тарапы жабдықтарды Өскемен қаласына дейін тасымалдауға, жабдықты орнатуға, баптауға және пайдалану үшін нұсқаулық беру мақсатында техникалық мамандар жіберуге жауапты. Зертхананы жобалау, әрлеу, су, электр сияқты және т.б. жабдықтау, оларды одан әрі пайдалану шығыстарын Қазақстан өзі көтереді», - деп көрсетілген келісімде.
Құжатты ашық талқылау 20 желтоқсанға дейін жалғасады.